2021 жылдың 26 наурызында Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының оқытушылары қалыптасқан дәстүр бойынша ZOOM платформасында мектепке дейінгі ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Қарағанды және Теміртау мен Шахтинск қалаларының жұмыс берушілері, сондай-ақ “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” БББ студенттері қатысты. Бұл онлайн кездесу әңгіме және ашық диалог түрінде өтті.
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының меңгерушісі Н.И. Храпченкова дөңгелек үстелге қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді, “Bolashaq” академиясы туралы, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді, болашақ жұмыс жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ, ол білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидаттарына және түлектердің қалыптасқан құзыреттеріне тоқталды.
Кездесу аясында мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары мен әдіскерлері 6В1201 – “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасының студенттерін сапалы дайындау үшін ұсыныстар енгізді, болашақ мамандардан қандай негізгі құзыреттерді көргісі келетінін атап өтті.
Жұмыс берушілер біздің байланыстарымыздың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді, бұл болашақта маңызды, бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын дамытуға және академияның жоғары білікті мамандарын даярлауға мүмкіндік береді!
Біз барлық жұмыс берушілерге белсенді қатысқаны және жемісті жұмысы үшін алғыс айтамыз!
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы