2020 жылдың 2 қазанында Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ. к., доцент Қабжанов Ақылбек Тайболатұлының басшылығымен күндізгі оқу бөлімі студенттерінің топ кураторларымен онлайн кездесуі өтті (Skype платформасын қолдана отырып кездесу).
Ақылбек Тайболатұлы Қазіргі онлайн-платформалар мен бағдарламалар білім беру міндеттерінің көп бөлігін, яғни білімді бақылау немесе студенттердің топтық жұмысын шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Егер студент оқуға ынталы болса, онда ол өз уақытын дұрыс ұйымдастыра алады және оны тиімді қолдана алады.
Пандемия жағдайында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуына, сабаққа қатысуы мен үлгеріміне (сабаққа қатысу мониторингі жүргізіледі) ерекше көңіл бөлінді. Ғылыми өмірге қатысу–студенттік жылдарды ең қызықты және жемісті ету мүмкіндігі болып табылады
Студенттер сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.