Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының ДК-20-1к тобының студенті Жаркеева Гүлдана Әділбекқызы тарихи-мәдени мұраны (археологиялық ескерткіштерді) қорғауға және осы бағытта халық арасында насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Гүлдана Әділбекқызын құттықтаймыз!

Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау – әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінінің саралаушысы.
Тарихи және мәдени мұраларға – өнер туындысы, кітап, қолжазба, архив материалдары, архитектуралық, археологиялық және монументалдық ескерткіштер жатады.
Біздің алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі – барша қоғам болып Ұлы дала халқының ұлттық құндылықтарын сақтау және болашақ ұрпаққа аманат ету болып табылады.
Осы бағытта тарихи-мәдени мұраларды (археологиялық ескерткіш) қорғауда және халық арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуде өз үлесін қосқандығы үшін Жаркеева Гүлдана Әділбекқызына алғыс білдіреміз!
«Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының» басшысы Т.Түлеуов