2022 жылғы 20-21 қаңтарда О. Е Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінде (МГЮА) “Қылмыстық құқық: ХХІ ғасырдағы даму стратегиясы”атты XIX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.Оның жұмысына з.ғ.к., профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлының ғылыми жетекшілігімен “Bolashaq” Академиясының заң кафедрасының студенттері Жанабаев Данияр және Мереденов Арман қатысты. Баяндама тақырыбы:” Criminal Law of the Republic of Kazakhstan: Gaps and Collisions”. Сондай-ақ қатысушылар қатарында-мемлекеттік билік органдарының, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері мен ғалымдары болды.
Конференция Ресейдегі ең ірі халықаралық пікірталас алаңы болып табылады, оның негізінде көптеген жылдар бойы қылмыстық-құқықтық ғылым өкілдері, қылмыстық-құқықтық қорғау саласындағы заң бизнесінің көшбасшылары және мемлекеттік органдар өкілдері арасында қылмыстық құқықтың ең өзекті мәселелері бойынша байланыс пен пікір алмасу жүріп жатыр.
Конференция жұмысы “Қазіргі қылмыстық саясат: нәтижелері мен болашағы”, “Жеке тұлғаны қылмыстық-құқықтық қорғау: біліктіліктің өзекті мәселелері”, “Экономикалық қылмыстар: қарсы әрекет және оның алдын алу” тақырыптары бойынша панельдік пікірталастар шеңберінде ұйымдастырылды. Конференция ұйымдастырушылары ғылыми материалдың жоғары сапасын және қазіргі уақыттағы оның өзектілігін атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда.