


Еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан “WORLD CLEANUP DAY” Дүниежүзілік акциясы аясында 24 қыркүйекте “Bolashaq” академиясының 1 курс оқытушылары мен студенттері қалалық сенбілікке қатысты.
Акция қоршаған ортаның ластануы және аумақты қоқыстан тазарту арқылы осы мәселені шешу тақырыбына арналған Дүниежүзілік бастама болып табылады.



Акцияның негізгі мақсаты экологиялық сауаттылықты арттыру, қоршаған ортаның ластану проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және қайта өңдеуді қамтамасыз ету үшін қоқысты сұрыптау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы болып табылады.