Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы Достык үйінде қалалық волонтерлер форумын өткізді.
Форум аясында пленарлық отырыс өтіп, онда спикерлер -Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бағдарламалық көмекшісі Мария Ипполитова, бейресми ілім беру тренері, ментор Бекматов Нұрасыл жәнe «Jas Ulan Team» республикалық еріктілер штабы мен «Fenomen Jas» республикалық әлеуметтік жобасының жетекшісі Ақмамбет Ақбота волонтерлік саладағы маңызды тақырыптарды қозғап, өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Форумнын пленарлық отырысынан кейін волонтерлер интерактивті іс-шараға белсене қатысып, шығармашылық кабілеттері мен шеберліктерін керсетті.
Форумының корытынды бөлімінде қаланың белсенді волонтерлері салтанатты түрде марапатталды. «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Кәрімова Әнел Нұрланқызы, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Платонова Марина Сергеевна мен
Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бағдарламалық, көмекшісі Мария Ипполитова волонтерлерге Алғыс хаттар табыстап, олардың қалалық волонтерлік қозғалысты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.
”Bolashaq” Академиясындағы “Мейірім” волонтерлік жетекшісі Т.Б. Кадриннің ұсынуымен . ұйымнан К-23-1 тобындағы Жақсылықова Дана және ПМНО-23-2 тобындағы Оразалиева Аяулым осы табыстарға ие болды!

Салтанатты шара жас әртіс Ілияс Кабдырбай және қаламыздың жастар шығармашылық ұжымдарының өнер керсетуімен жалғасты.
Форумды ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз!