2020 жылдың тамыз айында карантиннің шектеу мерзімінде масс-медиа Хайруллина Альфия Фаритовна тыл еңбеккері Миронова Александра Флегонтовнамен кездесті.
Александра Флегонтовна 2020 жылдың мамыр айында өзінің 101 жылдығын атап өтті, және ол әлі де өзін сергек және көңілді күйде ұстайды. Жарасымды әзілі мен адамдарға деген сенімі Александра Флегонтовнаның еңсесін түсірмеуінің бірден-бір себепшісі.
Аңыз адаммен әр кездесудің танымдық сипаты бар. Оның өмірбаянын уақыт саяхаты деуге болады.
Жастық шағында ол өзін журналист рөлінде сынап көріпті. “Мен институтта оқыдым және күн сайын кешкі сағат 2 – ден кешкі сағат 6-ға дейін зауытта, аз басылымда журналист болып жұмыс істедім, – деп еске алады Александра Флегонтовна. Біраз уақыттан кейін облыстық комсомол комитеті мені Бурятиядағы “Комсомольская правда” газетінің жауапты хатшысы етіп тағайындауға шешім қабылдады. Мен тәуекелге бармадым. Себебі, мұндай басылымда жұмыс істейтін адамның көркемдік талғамы жоғары болу керек деп санаймын. Ал оның менде бар екендігіне сенімсізбін (күлді). Содан кейін мені облыстық комсомол комитетінің саяси бөліміне журналист ретінде қабылдады. Ол жерде сондай тамаша, жайлы ұжым болды. Бірақ мен ол жерде ұзақ жұмыс істемедім, себебі менің таңдауым мұғалімдік мамандық екендігін түсіндім. Мен мұғаліммін және мамандығым бойынша жұмыс істегім келді. Дипломды 1941 жылы 21 маусымда алдым. Ал ертеңінде соғыс басталды….”
Александра Флегонтовна студенттік “ЛиМоНаД”газетінің өзіне сыйға тартқан барлық нөмірлерін мұқият сақтайды. Кездесу барысында ол бірнеше рет әңгіме тақырыбын Академия басылымына аударды. “Сіздердің еңбектеріңіз жемісті! Бұл керемет басылым. Жан-жақты. Оны оқу қаншалықты қызықты!”- деп қайталады Александра Флегонтовна.
“Bolashaq” академиясы Александра Флегонтовнаға денсаулық тілейді және жаңа кездесулер күтеді.