2024 жылғы 19 қарашада тәрбие жұмысы аясында, әңгіме түрінде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам” тақырыбында кураторлық сағат өтті. Бұл кураторлық сағатқа аға эдвайзер М. К. Абдрешеваның жетекшілігімен Ин-22-1,2 топтарының студенттері қатысты.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның билікке деген сеніміне нұқсан келтіріп, мемлекеттің негізін бұзады. Бұл ресурстарды қоғамдық игіліктің орнына тар шеңбердің пайдасына қайта бөлу арқылы басқарудың тиімсіздігіне әкеледі. Экономика зардап шегеді, өйткені инвесторлар сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдерден аулақ болады, ал азаматтар қызметтердің сапасы мен әділетсіздікке тап болады. Әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлық теңсіздікті күшейтеді, өйткені ресурстарға қол жеткізу төлей алатындардың жеңілдігіне айналады.
Сорокин Данил мен Шаймұрат Аяулым “Сыбайлас жемқорлықты қалай болдырмауға болады?” деген мәселеге байланысты өз ой-пікірлерін білдірді.
Қорытындылай келе, студенттер эдвайзерге белсенді және өзекті әңгіме өрбіткені үшін алғыс айтты.