18 мамырда “Bolashaq” Академиясында Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті қызметкерінің қатысуымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу” тақырыбында семинар өтті. Аталған іс-шараға “Bolashaq” академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, спикерлердің баяндамаларын тыңдады.
Спикерлер ретінде “Antikor” пулының спикері – Горожанкин Виталий Валерьевич және Ю-19-2 тобының студенті Қожахметов Марлен сөз сөйледі.
Семинар барысында спикерлер алдағы бес жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, кәсіпкерлерге көмектесуге бағытталған “Бизнес жол” жобасы, сондай-ақ қоғамның неғұрлым қауіпті салалары мен проблемалық мәселелерін айқындайтын “Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы” туралы айтып берді. Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде қабылдау және қабылдамау — егер ол әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болады деп талқыланды. Семинар аясында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған және жазасын өтеп жатқан азаматтар туралы бейнематериал ұсынылды.
Оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, спикерлер сыбайлас жемқорлықтың мәніне, оның мазмұнына, мақсаттарына, субъектілеріне, нысандары мен түрлеріне, іске асыру салаларына, оның қоғам өмірінің барлық салаларында көріну ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Егер сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың байқаусызда куәгері болсаңыз, онда сіз Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) мынадай тәсілдердің бірімен жүгінуіңіз қажет:
1.Пошталық мекенжайы бойынша жазбаша түрде: 100000, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12 үй, немесе тұрғылықты жері бойынша аумақтық Департаменттерге;
2. Электрондық үкімет порталының онлайн-сервисі арқылы egov.kz (электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ қажет);
3. 1424 тегін нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы.
Өтініш берген кезде сіздің тегіңізді, атыңызды және оқитын тобыңызды көрсетуіңізді сұраймыз. Анонимді мәлімдемелер қарастырылмайды. Сіз сыбайлас жемқорлық фактісі туралы ku_bolashak@mail.ru электрондық мекенжайына немесе +7 (7212) 420-417 сенім телефоны бойынша хабарлай аласыз.