2024 жылдың 22-23 ақпанында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастырылуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» бойынша республикалық семинар өтті. Аталған семинарға барлық жоғары оқу орындарының, оның ішінде ішкі істер және қорғаныс, төтенше жағдайлар министрліктерінің оқу орындарының, Бас прокуратураның Құқық қорғау органдары академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәндерінің оқытушылары қатысты. Біздің академиядан құқықтық және қаржылық пәндері кафедрасының аға оқытушылары А.К. Ахметова мен Г.К. Отыншиева қатысты.
Семинардың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді жаңғырту, халықаралық тәжірибені ескере отырып, практикалық тәжірибе алмасу.
Семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәндерді оқытудың озық тәжірибелері, академиялық адалдық қағидаттарын жүзеге асырудың практикалық құралдары туралы түсіндірме беріліп, сондай-ақ мотивациялық сессиялар өткізілді.
Іс-шара соңында А.К. Ахметова мен Г.К. Отыншиева сертификатпен марапатталды.