Швейцариялық «Acino»компаниясының өкілдерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысу

2023 жылғы 9 қазанда фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті О. А. Сиволобова және ФМ-19-1 тобының студенттері швейцариялық «Acino»фармацевтикалық компаниясының медициналық өкілдері өткізген дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Бұл іс-шара «Не? Қайда? Қашан?» түрінде өтті. Онда фармацевтикалық және медициналық білім саласынан қызықты сұрақтар қойылды. Ойын қорытындысы бойынша біздің команда 2 орын алды. Содан кейін компания қызметкерлері қатысушыларға «Acino» компаниясы шығаратын дәрі-дәрмектер туралы ақпарат беріп, пациенттерге фармацевтикалық кеңес беру туралы сұрақтарға жауап берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.