2023 жылғы 22 қыркүйекте “Bolashaq” Академиясы” ЖММ бас корпусының 116 дәрісханасында сағат 13:00-де Тілдер күніне арналған кураторлық сағат өтті. Іс-шараны Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушылары Р.Р. Ганеев пен М.К. Абдрешева зияткерлік тілдік викторина форматында өткізді.
Тілдер күніне арналған викторинаға “Шет тілі: екі шет тілі” ББ-ның 1-4 курс студенттері қатысты. Студенттер 5 адамнан тұратын 4 командаға бөлінді: 1 курс, 2 курс, 3 курс 4 курс. Командалар өз аттарын таңдап, капитан тағайындады. Команда капитанының қызметі викториналық сұраққа кім жауап беретінін анықтап беру болды.
Викторинаға орыс, ағылшын және қазақ тілдеріндегі тіл білімі мен аударма саласындағы сұрақтардың 3 тобы кірді. Командаларға сұрақты талқылауға және жауапты тұжырымдауға 2 минут уақыт берілді. Егер команда жауап беруге қиналса немесе қате жауап берсе, бұл сұраққа жауап беру құқығы қарсылас командаға берілді. Әр дұрыс жауап үшін командаға бір жүлде берілді. Викторинаның соңында тәуелсіз сарапшы ұпайларды есептеп, жеңімпаз анықталды.
Викторина нәтижелері бойынша 3-курс студенттері интеллектуалды тілдік викторинаның жеңімпаздары атанды. Сыйлықтар ретінде оқытушылар жеңімпаздарға “Bolashaq” Академиясының фирмалық логотипі бар дәптерлері мен қаламдарын табыс етті.
Іс-шараны өткізуге Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушылары Р.Р. Ганеев пен М.К. Абдрешева жауапты болды