2021 жылдың 1 наурызында “Қаржы” кафедрасының аға оқытушысы, қаржы магистрі Усувалиева Зайра Қазыгуловна Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерімен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан бастап әрекет ететін Бөлшек салықтың арнайы салық режимін түсіндіру бойынша семинарға қатысты.
Семинар ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.
Осы АСР – ға сәйкес пандемия кезеңінде неғұрлым зардап шеккен және екі жылға дейін-2023 жылға дейін жұмыс істейтін қызмет түрлеріне жеңілдікті салық салу енгізілді.
Осы АСР қолдану шарттарына сәйкес келетін барлық заңды тұлғалар салық органына өтініш жаза алады.
Осы АСР қолданылуы мүмкін толық жазылған ЭҚЖЖ тізбесін 02.02.2021 ж. № 30 ҚРҮҚ-нан қарауға болады.
Осы АСР -ны қолдана алатын ЭҚЖЖ толық жазылған тізбесін мына сілтемеден көруге болады: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36929398