2023 жылғы 24 наурызда жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында өткен “ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша ұжымдық монография дайындау туралы” (Қазақстанның барлық өңірлерінен мұрағаттық және далалық материалдарды пайдалану аясында) тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысты (Астана қ.).
Республикалық дөңгелек үстелге қатысушыларға арнап Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кіріспе сөз сөйледі.
Ұжымдық монографияны дайындау кезінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен аға буын өкілдерінің естеліктерін пайдалану тәжірибесі туралы Ш.Ш. Уәлиханов атындағыТарих және этнология институтының директоры , ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ. д., профессор З. Е. өз ойымен бөлісті.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық кеңсесінің басшысы, заң ғылымдарының кандидаты С.А. Қасымов Мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижелерін ұжымдық монография құрылымында көрсету мәселелерін атап өтті.
Қуғын-сүргін және ашаршылық кезеңіндегі Қазақстанның мәжбүрлі босқындарының проблемаларын зерделеудегі жаңа тәсілдерді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері қауымдастығының атқарушы директоры, тарих ғылымдарының кандидаты К. Н. Балтабаева ашты.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Л.А. Гривеннаның Қазақстан аумағында жаңа ғылыми тәсілдер контекстінде 1920-30 жылдардағы халық көтерілістері мен наразылықтарын жариялауда пәнаралық зерттеу әдістерін қолдану бойынша сөйлеген сөзі республикалық дөңгелек үстелге қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды.
Іс-шарада Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелерін мемлекеттік комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Е.Т. Кариннің алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесіне Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алғыс хат табыс етті.