Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған кездесу кеші

16 қыркүйек күні “Bolashaq” Академиясында қазақ әдебиетінің алыбы, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеші өтті. Өткізілген кездесу кеші қазақ әдебиетінің классигі болған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға, оның әдеби мұрасына арналған қоғамдық қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл кештің басты мақсаты – Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын жаңаша көзқараспен қарастыру, оның қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау және жастарды әдебиетпен жақынырақ таныстыру.

Кездесу 2 секцияға бөлінді.

1 секцияның шымылдығын қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы ашты.Филология ғылымдарының докторы,профессор Абдуов Мұхамедқали Ілиясұлы С.Сейфуллин туралы естеліктерімен,тың ақпараттармен бөлісті. Кеш барысында Қарағанды қаласы әкімдігінің “Шырақ” тілдерді оқыту орталығының директоры Смыкова Асия Даниярқызы сөз сөйлеп,С.Сейфуллин туралы ақпараттар айта кетті.

2 секцияны филология ғылымдарының докторы,профессор Мәуен Хамзин ашып берді.

Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеші оның әдеби мұрасын кеңінен таныстыруға, шығармашылығын бағалауға және жастарды әдебиетпен таныстыруға арналған маңызды шара болып табылады. Бұл кеш оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметінің маңыздылығын жаңа көзқараспен қарап, әдебиетіміздің байлығын жастарға жеткізуге мүмкіндік береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.