2020 жылғы 11 желтоқсанда заң пәндері кафедрасында академик С.З. Зимановтың 100 жылдық мерейтойына арналған “ЕАЭО елдерінің құқықтық жүйелерін дамытудың перспективалары сот және құқық қорғау жүйелерін институционалдық қайта құру” (Skype платформасын қолдана отырып) Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы барлық қатысушыларды конференцияның жұмыс регламентімен таныстырды.
ҚР ҰҒА Құрметті академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрғалиев Бақыт Молдатияұлы құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста қызықты баяндамалар жасалды:
Рақымбаев Еркінбек Нұретдинұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор, конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі кафедрасының профессоры, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы (Алматы қ.). Тақырыбы: “ЕАЭО елдерінің сот жүйелерін дамытудың конституциялық-құқықтық негіздері мен перспективалары”;
Сыздық Болат Кенелұлы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор. Тақырыбы: “Қазақ құқықтық мәдениеті: кеше, бүгін, ертең”;
Сагалаков Эдуард Алексеевич, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті. (Абакан қ., Хакасия Республикасы, Ресей Федерациясы). Тақырыбы: “Орыс құқығы тарихындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл”;
Турлаев Андрей Викторович, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, академик, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. Тақырыбы: “Қарапайым құқық институттарының қазіргі құқықтық жүйе үшін маңызы”;
Асабаева Ақбота Ализатовна заң ғылымдарының магистрі, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы академия. Тақырыбы: “Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері”.
Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді.