«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашық кураторлық сағат

2021 жылдың 30 қарашасында психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзерлері Шутенова Сабира Сартаевна мен Шегай Анель Канатовна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 курс студенттерімен белгілі қоғам қайраткері және этнограф Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханов-халық бостандығы үшін күрескер» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара мақсаты:

-көрнекті қазақ қоғам қайраткері, этнограф, публицист және «Алаш» партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы мысалында Қазақстанның мәдени мұрасын зерделеуге тарту;

-білім алушылардың ой-өрісін кеңейту; өз елінің тарихы мен тілдерін үйренуге деген қызығушылығын ояту.

Ашық кураторлық сағат аясында Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

ПиП-18-1 тобының студенті Ким Владислав «Рахмет» өлеңін оқыды.

Тақырыптық кураторлық сағаттың соңында Әлихан Бөкейхановтың ғылыми-педагогикалық, қоғамдық-саяси, журналистік – публицистикалық қызметі, жалпыұлттық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді анықтау мәселелері талқыланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.