2023 жылғы 20 қазанда “Педагогика” кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин орыс бөлімшесінің “Педагогика және Психология” білім беру бағдарламасының студенттерімен Рухани келісім күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерді толеранттылық, бір-біріне, әртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Кураторлық сағат барысында студенттермен еліміздегі рухани келісім күнінің маңыздылығы туралы әңгіме өткізілді. Бұл бірлік пен кешірім, мейірімділік пен өзара түсіністік күні. Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін маңызды. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тұрады, олардың барлығы достық пен келісімде өмір сүреді. Бейбітшілікті сақтау және соғыстардың алдын алу үшін адамдар арасында келісім мен бейбітшілік болуы керек.