Құрметті пайдаланушылар!
Пайдаланушылардың электрондық кітапхана ресурстарымен тиімді және ыңғайлы жұмыс істеуі үшін РМЭБ сайтының редизайны жасалғанын хабарлаймыз.
Сайттың негізгі функциялары (іздеу, журналдар, бейнедәрістер, біз туралы жаңалықтар, статистика, сұрақ-жауаптар) өзгеріссіз қалды.
“Біз туралы” /”РМЭБ қатысушылары” бөлімінде – ҚР жоғары оқу орындарының ресми сайттарына сілтемелер қосылған.
Электрондық кітапхананың толық мәтінді ресурстарына РМЭБ қатысушылары – ҚР ЖОО кітапханаларынан тікелей және қашықтықтан 2 тәсілмен қол жеткізуге болады:
1) ашық қолжетімділік режимінде Жеке кабинет арқылы.
Сайтта тіркелуге ЖОО-ның корпоративтік электрондық поштасы бар РМЭБ қатысушы ЖОО-ның студенттері, ПОҚ-ы, қызметкерлері жіберіледі. Тіркелу үшін пайдаланушы сайтта нысанды толтырады, жеке кабинет – пайдаланушының жұмысы үшін жұмыс кеңістігін жасайды (http://rmebrk.kz/ulogin).
2)Қарау және оқу режимінде “Вконтакте” әлеуметтік желісінде тіркелу арқылы
Сондай-ақ, “ақпараттық ресурстар”бетінде өзгерістер енгізілді. Ашық қолжетімділіктің тегін Ғылыми-білім беру ресурстарына сілтемелер ғылым салалары бойынша жүйеленген.
“РМЭБ басылымдары” атты жаңа бөлім қосылды, онда РМЭБ шығарған мультимедиялық басылымдар (мазмұны: мәтін, бейне, тесттер және т.б.) орналастырылған. Оларға қол жеткізу тек РМЭБ қатысушылары үшін ашық.
Сондай-ақ жаңартылған сайттың мобильді нұсқасы бар, қазақ және орыс тілдерінде сайтпен жұмыс жасау бойынша бейне нұсқаулық дайындалды. Сайттың мобильді қосымшасын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.