Қайырымдылық адам бойындағы асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан әрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Алланың разылығын аңсаған халдегі мұқтаж жандарға шын пейілмен қол ұшын беруі – игілікті іс.
Он екі айдың сұлтаны болған Қасиетті рамазан айында «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитеті «Мейірім» волонтерлік қозғалысының студенттерімен бірлесе отырып, 4 сәуір күні «Рамазан – жақсылық жаршысы» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Арнайы ұйымдастырылған топ кенші қаламызда тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін тапсырды.
Отбасы толық емес, мүгедек балалары бар отбасылар, сол сияқты жалғызбасты зейнеткерлер ЖІК-нің арнайы тізімінде бар. Осындай игі іс-шара алдағы уақытта, яғни, осы бір қасиетті айда жалғасын таппақ.
Жастар ісі жөніндегі комиетінің төрағасы
Мейрбек Байшагиров