“Bolashaq” академиясында студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезекті жыл сайынғы байқауы өтеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту мақсатында өткізіледі.
Заң пәндері кафедрасының студенттері мен магистранттары осы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына үнемі қатысады.
Байқаудың бірінші кезеңінде заң пәндері кафедрасының оқытушылары байқаудың ЖОО кезеңіне қатысу үшін жіберілген үздік жұмыстарды таңдады.
Конкурс ережелеріне сәйкес екінші кезеңде сараптау комиссиясы ұсынылған ғылыми жұмыстарды қарап, зерделеді.
Экперттік комиссия құрамына заң ғылымдарының кандидаты, профессор А. Т. Қабжанов, Қазыбек би атындағы ауданның № 2 сотының судьясы Б. А. Шайзадаев, академия студенті Д. Жаңабаев кірді.
16 ақпанда “Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту перспективалары” зерттеу бағыты бойынша ұсынылған ғылыми жұмыстарды қорғау өтті.
Ғылыми жұмыстарды қорғауға сараптама комиссиясының мүшелері, заң пәндері кафедрасының оқытушылары, жас ғалымдар кеңесінің төрайымы К. Т. Ибрахимова, студенттер мен магистранттар қатысты.
Экперт комиссиясының отырысында қорғауға Т. Тілеп, Н. Түркенич, А. Мұханғалиеваның ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылды.
Сараптама комиссиясының отырысында конкурсқа қатысушылардың баяндамалары, тұсаукесерлері және ғылыми жұмыстары тыңдалып, талқыланды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпаздарын марапаттау 2021 жылғы 26 ақпанда салтанатты түрде өтеді.