Мақсаты:
-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
-Халықтың тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
-Тұлғаның дамуына ықпал ететін шығармашылық атмосферасын құру.
-Студенттерді өз елін, шыққан тегін зерттеуге ынталандыру.



Кураторлық сағатқа Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 1-4 курс студенттері қатысты.
Кураторлық сағат викторина түрінде өтті. Студенттер 2 топқа бөлініп, өздеріне ұпай жинады. Викторина қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған топ ұтып, шағын жүлдемен марапатталды.

Іс-шара қызықты және танымдық түрде өтті.