Күзгі меланхолия жойылады, себебі қазір уақыт… осындай.
-Көрпеге оранып, сүйікті фильмді түпнұсқада көріңіз, қайтадан шет тілін үйренуге кірісіңіз (неміс / француз тілдеріңіз қалай болып жатыр?),
– Өзіңізге ыстық шай құйып алып, кітап әлеміне еніңіз, сонымен қатар пайдалы шеберлікті игеру және сүйікті туындыларыңызды талқылау үшін Philology аралына ауыса аласыз!⠀
2020 жылдың 30 қазанында біздің Philology Island үйірмесінің қатысушылары өздерінің жұма күнгі кешін дәл осылай өткізді.
Қатысушылар отырыстың бірінші бөлімін ғылымға арнады. Шет тілдер және МК кафедрасының аға оқытушысы Калижанова Анна Николаевна ғылыми мақала жазу бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қатысушылар мақаланың құрылымын, дереккөздермен қалай жұмыс істеу керектігін, сілтемелерді рәсімдеуді және ғылыми зерттеудің көптеген лайфхактарын білді.
Әдебиет туралы.
Л.Петрушевскаяның “Отадоя” әңгімесін талдау барысында қатысушылар іске асырылған метафораның қызықты жазушылық техникасымен танысты. Автор оқырманмен кейде әзілдесіп, мағынасын жолдар арасында емес, ашық түрде білдіруі де мүмкін. Отырыстың қорытынды кезеңі сүйікті туындыларды талқылау және Philology Island нұсқасы бойынша MUST READ тізімін жасау болды.
Үйірме отырысына қатысқандары үшін академия студенттеріне, сондай-ақ Шет тілдер және МК кафедрасының аға оқытушылары: Калижанова Анна Николаевнаға, Марышкина Таисия Владимировнаға, Рахимбаева Баян Турабековнаға алғысымызды білдіреміз!