Магистранттардың шығармашылық ізденістерін жетілдірудің жəне олардың теориялық жəне практикалық деңгейін жетілдірудің маңызды факторы педагогикалық практика болып табылатындығы белгілі.

2023 жылдың 16 қарашасында «Bolashaq» Академиясының 7М01702-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттары Оспанова Назым, Қуанышбекова Айкерім Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Құрманғазы Зәкірұлы Сембиевтің жетекшілігімен педагогикалық практика аясында К-21-1 тобында семинар сабағын өткізді. Осы сияқты семинар сабақтар магистрант пен студент арасындағы қарым-қатынасты көрсетуші коммуникативті дағдыларды қалыптастырушы бағыт болып табылады.