Мен, Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс, яғни КР-19-1 тобының студенті Мұхамеджан Әсем, қазір Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, №11 ЖББМ-да педагогикалық практика өтудемін. Педагогикалық практиканың екінші аптасы басталды. Мен осы уақытқа дейін мектеп ішімен толық танысып шықтым. Мектеп іші қазіргі заманға сай жабдықталған, әр пәнге арналған жеке кабинеттер бар. Бірінші апта барысында мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларымен танысып, тәжірибе барысында өткізілетін сабақтардың тақырыптарын алдым.
Қазіргі таңда осы мектептің 5 сыныбына қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша сабақ беремін, сонымен қатар сынып жетекшілік қызметін де атқарудамын. Күнделікті сабаққа қысқа мерзімді жоспар, көрнекіліктер, слайд дайындап әкелемін. Сабақ жүргізу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін еркін ұстап, өз ойларын ашық айтады. Сыныптағы көптеген балалардың қиялы мен ойлау қабілеті жақсы дамыған. Практиканы өту кезіндегі алға қойған мақсатым – оқытушылардан оқыту әдістемесін үйрену, тәжірибе жинақтау, оқушылармен жұмыс жасау, соның ішінде топпен жұмыс және де оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасауды үйрену болды. Сол мақсатымды орындауға тырысып жүрмін. Сабақтан кейін сол сабақты талдай отыра, жетекшім өзінің ақыл-кеңесін айтады. Осы мектепте жүрген басқа студент-практиканттың да сабағына қатысып, тәжірибе алмасып отырамын. Мен қазір жоғары оқу орнында алған білімімді тәжірибе жүзінде қолданып жүрмін деп толық айта аламын.
Қарағанды қаласы
«Bolashaq» академиясы
КР-19-1 тобының студенті Мұхамеджан Әсем