Педагогика кафедрасының тәуелділіктің алдын алу жөніндегі халықаралық бағдарламаны әзірлеуге қатысуы

2024 жылғы 11-13 қарашада Астана қаласында тәуелділіктің алдын алу бойынша тренингке жаттықтырушыларды әзірлеу және дайындау бойынша 3 кезең өтті. Аталған семинар-тренингке Педагогика кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к. Абрахманова Алуа Сәбитқызы қатысты.

Аталған іс-шара Испанияның FIIAPP мемлекеттік қорының және Орталық Азияда есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі бағдарламаның (CADAP) қолдауымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл бағдарламаның халықаралық сарапшылары Польшадан келген мамандар: Януш Сирославский, Петр Яблонский, Артур Мальчевский және Богуслава Буковска болды.

Семинар-тренинг жаттықтырушыларды (ТоТ) екі өнім бойынша оқытуға бағытталған:

  • әйелдер мен осал топтарға (жастар, мигранттар және басқа да осал адамдар)бағытталған селективті профилактикалық бағдарламаға арналған нұсқаулық (нұсқаулық)
  • стигманы төмендетуге бағытталған білім беру пакеті.
    Семинар барысында қатысушылар осал топтарға жататын әртүрлі санаттағы адамдармен профилактикалық жұмыстың техникасы мен әдістерін белсенді түрде талдады. Сондай-ақ, стигманы төмендетуге бағытталған тренингтің барысы талданды.

Семинар соңында қатысушыларға осы бағыттар бойынша жаттықтырушы сертификаты табысталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.