2024 жылғы 23 мамырда “Педагогика” кафедрасының доценті п.ғ.к., Шалтаева Р. Ж., сондай-ақ ДОВ-20-2 тобының студенті Бөкен Алтанцэцэг Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар Жырау ауданы, “Баймырза” ауылының “Калинин жалпы білім беретін мектебі” КММ-де, 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында оқытушы 11 сынып оқушыларын “Bolashaq” Академиясының білім беру бағдарламалары туралы хабардар етті. Оқушыларға “Bolashaq” Академиясының ғылым және білім саласындағы жетістіктері, жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастығы, сондай-ақ дуальды білім беруді жүзеге асыруы туралы толық ақпарат берілді.
Академияда құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды және білім мен ғылымды интеграциялауды қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.
ДОВ-20-2 тобының студенті, Бөкен Алтанцэцэг “Bolashaq” Академиясындағы студенттік өмірі, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық конференцияларға, конкурстарға қатысу, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысының икемді жүйесі туралы айтып берді.
Әңгімелесу барысында оқушылар педагогикалық бағыттар бойынша өту балы туралы сұрақтар қойып, білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ студенттер арасындағы академиялық ұтқырлыққа қызығушылық танытты. Соңында оқушылар ББ-мен буклеттер және “ЛиМоНаД” журналы арқылы егжей-тегжейлі танысты.
Осы кездесу аясында ЖОО мен білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Оқушылар біздің академияға қызығушылық танытып, сұрақтарын қойды.
2022 жылғы 24 мамырда “Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Р. Н. Жапанова, доцент, п.ғ.к., Р. Ж. Шалтаева “Bolashaq” Қарағанды жоғары колледжінің оқушыларымен кездесу өткізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында колледж түлектері 6В01201 – “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасымен танысты. Білім беру бағдарламасын іске асыру академияның миссиясымен анықталады, ол түлектердің бәсекеге қабілеттілігін, ұтқырлығын, әлеуметтік бағдарлануын және кәсіби қызметте инновациялық технологияларды қолдана білуін қамтамасыз ететін сапалы білім беруді ұйымдастырудан тұрады.
Академияның ғылым және білім саласындағы жетістіктері, жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық конференциялар, конкурстар, оқу ақысы бойынша жеңілдіктер, стипендиялар туралы толық ақпарат берілді. “Bolashaq” Академиясының негізгі мақсаты мамандарды даярлаудағы өмір талаптарына жауап беретін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылатындығы, ол үшін студенттерге барлық жағдай жасалғандығы туралы айтылды.
Кездесудің мақсаты колледж түлектеріне “Bolashaq” Академиясы туралы ақпарат беру болды. Кездесу барысында оқытушылар колледж түлектерінің қызығушылығын тудырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Қызықты, ақпараттық кездесу соңында Академия оқытушылары түлектерге алдағы КТА-да табыс тіледі.
п.ғ.к., доцент Шалтаева Р. Ж.
аға оқытушы, п.ғ.м., Жапанова Р. Н.