2020 жылдың 13 қыркүйегінде қазақстандықтар Отбасы күнін атап өтті. Бұл мереке 2013 жылы біздің республикамыздың мерекелер тізіміне енгізілді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жаңа мереке белгіленді және оны мерекелеу күні – қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі белгіленді.
Бүгінгі таңда республикада отбасын нығайту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жолға қойылған, отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Face Book-тегі парақшасында отбасының оның өміріндегі рөлі туралы айтып, өзінің балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісті.