2024 жылғы 17 қазанда Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы «Offine Dаy» жобасы бойынша үшінші оқыту семинар-тренингін өткізді. Аталған іс-шара Қарағанды облысында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.


🔰Жобаның мақсаты- облыстың волонтерлік ұйымдары арасындағы белсенділікті көтермелеу және ынталандыру. Треннинг басында Қарағанды облысының ЖРО директоры А.С Искакова құттыктау сөз сөйледі.
✅Бірінші спикер Ақмамбет Ақбота Болатбекқызы – «Jas Ulan Team» республикалық еріктілер штабының жетекшісі, «Феномен Жас» республикалық әлеуметтік жобасының жетекшісі.
✅ Екінші спикер Мария Ипполитова – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы UNV бағдарламасының көмекшісі.
✅Спикерлер өздерінің өмірлік тәжірибесі мен ерен еңбектерінің жемісімен бөлісті. Волонтерлік жол болашаққа үлкен жол ашатынын да тілге тие кетті.

🔰”BOLASHAQ” Академиясынан волонтерлік ұйымының жетекшісімен ұйым мүшелері қатысып қайтты.
⚜Ұйымдастырушыларға алғыс, шығармашылық табыс, волонтерлерге сәттілік тілейміз!