Mister&Miss Bolashaq-2019

2019 жылдың 28 қарашасында “Bolashaq” академиясында “Mister&Miss “Bolashaq – 2019” шарасы өтті.

Іс-шара ең белсенді, тапқыр және талантты студенттерді анықтау, эстетикалық талғамды, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту, сонымен қатар студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және дамыту мақсатында өткізілді.

Осы жарқын серпінді шоудың ұйымдастырушылары Жастар ісі жөніндегі Комитет, “Bolashaq” студенттік Республика, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ботагөз Тельманқызы Ахметова болды.

Қазылар алқасының құрамына Қарағандыда танымал тұлғалар кірді, атап айтқанда:

1. “Болашақ” Академиясы “Фармация” мамандығының түлегі, “Мистер Болашақ-2012” байқауының жеңімпазы – Нұрашев Арғын Қайырбекұлы;

2. “Көзайым” би ұжымының жетекшісі – Мұрат Айым Бауыржанқызы;

3. Халықаралық конкурстың лауреаты, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің “Арқа сазы” фольклорлық ансамблінің әртісі – ХАСАНОВА Динара Нұралқызы;

4. “Naz-El” би ұжымының жетекшісі, Академияның хореографы – Сүлейменова Эльмира Сұлтанғазықызы;

5. ЖІК бас маманы, қазылар алқасының төрайымы – Апеева Айдана Зарубекқызы.

“Bolashaq “Мистер мен Мисс” атағы үшін 8 бойжеткен мен 8 галантты жігіт жарысты: Аскербаева Айғаным (ФМ-18-5), Ахметова Іңкәр (ИН-18-2), Бекдосова Камила (ИН-18-1), Бацунова Екатерина (ФМ-18-1), Жолтай Айболған (К-19-1), Кабышева Сания (Ю-19-2), Мади Ақбота (ИН-19-1), Султанова Аяжан (Ин-19-1), Аскаралиев Хушнудбек (ФМ-18-2), Жарлығасынов Ерсұлтан (ФМ-18-5), Кәрімбаев Азамат (ФМ-18-2), Мергембаев Ануар (Ю-19-2), Мухатров Арыстан (ФМ-19-3), Толенберген Айбар (Ю-18-2), Хамидов Сохиб (Ф-19-2), Избасар Ерканат (К-19-1).

Байқаудың бірінші кезеңі дәстүрлі “визит карточкасы” болды, онда қатысушылар еркін жанрда өз қабілеттерін, хоббиін және өзінің жұбы туралы мәліметтерді әр түрлі креативті тәсілдермен жеткізді. Дуэтте ән орындау, әр түрлі теле-шоуда пародия жасау, жұп туралы шағын роликті ұсыну, бірлескен би және т. б. өнерлерін көрсетті.

Жарыстың екінші кезеңінде қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін бағалады.

Жарыстың келесі кезеңі қатысушылардың интеллектуалды дарындылығын және Дене күшінің деңгейін анықтады. Сайыс қатысушыларына әр түрлі сұрақтар қойылды. Негізінен отбасылық-тұрмыстық жағдайларға қатысты, ал қатысушылардың ерлер жартысына армрестлинг бойынша турнирлерге қатысуға мүмкіндік берілді. Осы кезеңнің нәтижелеріне сүйене отырып “Мистер Сила” және “Мисс Эрудиция” номинациялары бойынша үміткерлерді таңдады.

Содан кейін дефиле болды. Сол кезде біздің сүйкімді конкурсанттар кешкі образдарда өздерін көрсетті. Барлық қыздар өз таңдауында жеке болды. Байқауға қатысушы жігіттер өздерінің қыздарын күте білуін көрсете отырып, қатысушы жұптарын гүлдерімен таңқалдырды. “Дефиле” кезеңінің нәтижелері “Мистер Галантность” және “Мисс Грация”номинацияларында кім мықтыны шешті.

Айта кету керек, көрермендердің үзіліс кезінде зеріккен жоқ. Жүргізушілер көрермендерді көптеген көңілді және қызықты конкурстармен баурап алды. Оған Академия оқытушылары мен әр түрлі топ студенттері белсене қатысты.

“Мистер мен Мисс “Bolashaq-2019” аттарын жарияламас бұрын, қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды атады: Мисс Талант – Жолтай Айболған (К-19-1); Мистер Талант – Мергембаев Ануар (Ю-19-2); Мисс Эрудиция – Ахметова Іңкәр (ИН-18-2); Мистер Сила – Асқаралиев Хушнудбек (ФМ-18-2); Мистер Талант-Мергембаев Ануар (Ю-19-2); Мистер элегант – Азамат Кәрімбаев (ФМ-18-2); Мисс Грация – Бацунова Екатерина (ФМ-18-1).

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың басты жеңімпаздары: I «Мистер және Мисс Bolashaq 2019» – Мұхатов Арыстан (ФМ-19-3) және Бекдосова Камила (ИН-18-1);

II «Вице-мистер және Вице-мисс Bolashaq 2019» – Жарлығасынов Ерсұлтан (ФМ-18-5) және Сұлтанова Аяжан (ИН-19-2).

Барлық жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді, қалған қатысушылар алғыс хаттарға ие болды.

Бұл іс-шара жыл сайын өткізіліп тұрады және Біз барлық ниет білдірушілерді қазір дайындауға, ал келесі жылы өтінім беруге және сол арқылы өзін ең үздік тараптардан көрсетуге мүмкіндік алуға шақырамыз!

Посмотреть и скачать фото в хорошем качестве

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.