2024 жылғы 17 мамырда ЖБТ отырысы өтті. Отырыс “Клиникалық фармация” және “Менеджмент” комитеттерінің отырысында жасалған ұсыныстар бойынша “Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы” “Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы” № 218 және “Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы” №305 бұйрықтарындағы өзгерістерге арналды.
Отырысқа ҚР барлық фармацевтикалық жоғары оқу орындарының, факультеттер мен кафедралардың өкілдері қатысты. “Bolashaq” Академиясынан “Клиникалық медицина” және “Менеджмент” бойынша ҚР ОӘБ ЖБТ мүшелері Д.К. Пахомова мен С.К. Болдыш қатысты.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулардың тізбесін бекіту туралы №218 бұйрық
№218 бұйрықтың 5-тарауында салалар мен фармацевтикалық қызметте” “Фармация менеджменті” мамандану атауына “Фармациядағы менеджмент” деген өзгерістер енгізу және “Фармациядағы сапа менеджменті” мамандану атауын “Фармациядағы сапа менеджменті” деп толықтыру ұсынылды. Талқылаудан кейін бұрынғы атауын қалдыру туралы шешім қабылданды, өйткені оның атауы кеңірек және Халық денсаулығы туралы Кодекске қайшы келмейді. Осы түрдегі бұйрықтар РОӘК ОӘБ қарауына жіберіледі.