Оңғарбаев Еркін Әнуарұлының мерейтойына арналған конференция

2021 жылдың 3 қыркүйегінде Академия ректораты мен Заң пәндері кафедрасының өкілдері Рысмағамбетова Гульнара Мусиевна мен Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Оңғарбаев Еркін Әнуарұлының 60 жылдық мерейтойына арналған “Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатын іске асыру аясында қылмыстық құқықты дамытудың мәселелері мен перспективалары” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Іс-шара Л. Н. Гумилев атындағы “Еуразия ұлттық университеті” КЕАҚ қабырғасында өтті. Конференция жұмысына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің жетекші ғалымдары, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Біздің әріптестеріміз маңызды миссиямен салтанатты іс-шараға қатысты! Аты бас әріппен жазылған ғалым, біздің Академиямыздың қалыптасуының бастауында тұрған адам – Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы Ғылыми кеңестің шешімімен “Bolashaq”академиясының құрметті профессоры болды.

Аталған іс-шараға қатысушылар конференцияның үздік ұйымдастырылуы мен ауқымын атап өтті.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті профессорды мерейтойымен тағы да құттықтағымыз келеді және ғылыми салада шығармашылық табыс тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған