Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 90 жыл

2024 жылғы 18-19 қыркүйекте Қарағанды қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдық мерейтойына арналған «Қарағанды 09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk өтті.

Атаулы іс-шараға Академияның атынан жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Асель Бейсенғазықызы  қатысты.

 Халықаралық OpenTalk шарасында қазіргі заманғы кітапханаларды дамыту мәселелері талқыланды. Спикерлер қатарында – Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Михнова Ирина Борисовна, Жастарға арналған Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры (Мәскеу қ., РФ), Хусейн Кутан мырза, Сүлеймания қолжазбалар кітапханасы директоры, Түрік қолжазбалар қауымдастығының президенті және т.б. болды.

Кітап – адамның жан дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол адамзат үшін ғасырдан ғасырға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі.

 «Bolashaq» Академиясының атынан Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Кітапхана саласының қызметкерлерінің жасап жатқан қызметтері бағаланып, абыройлары арта берсін. Өткізіп жатқан іс-шаралары елдің, әсіресе жастардың өмір жолдарына рухани азық болып, жарқын болашаққа бастау бола берсін.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.