“Ғұмырымды студенттерсіз елестете алмаймын”

Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев есімі отандық білім саласына еңбек сіңірген, оның кемшінін бүтіндеп, көмбесін толтыруда ересен үлесін қосып жүрген азамат ретінде білім-ағарту саласында жүргендерге жақсы танымал. Талай жылдар академия ректоры ретінде қиындығы мол күрделі қызметінде аянбай тер төгіп, адал қызмет еткен Құралбай Несіпбекұлын 31 тамыз күні Академияның Ғылыми кеңесінде ұстаздық қызметте мұраттас боп, қоғамның кей құбылыстарына ортақ түсінікте болған, ұстаздар мен шәкірттері ректорлық лауазымнан, академиядан кетуіне байланысты шығарып салды.


Құралбай Несіпбекұлымен жақсы қарым-қатынас орнатып, онысын мақтаныш тұтатындар көп. Қоғамда соңғы кезде біліксіздіктің бәсі артып, білімсіздіктің сақасы алшысынан түсіп жатқаны жасырын емес. Құралбай Несіпбекұлы осы бір қоғамдағы кемшін тұсты бүтіндеуге барынша атсалысып, ерен еңбек етті, етіп те жүреді деп сенеміз.
Кәсібилік пен шеберліктің, игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың нағыз үлгісі бола білген оған Академия ұжымы Құралбай Несіпбекұлының иығына шапан жауып, арнаулы сыйлықтар тапсырды. Қызметтес әріптестері зор денсаулық, отбасына амандық, береке-бірлік, ұстаздық қызметтен қол үзбеуіне игі тілектерін айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.