06.09.2024 ж. ПМНО-24-2, ПМНО-23-2, ПМНО-22-2, ПМНО-21-2, ПиП-22-2 күндізгі топ студенттеріне Отбасы күнін мерекелеуге арналған аптаның «Мықты отбасы – мықты мемлекет» атты кураторлық сағаты өтті. Топ эдвайзерлері: Қосманова А.Б., Жапанова Р.Н., Есмагулова А.А., Мекадилова С.К.
Кураторлық сағат барысында отбасы туралы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, адамдар арасындағы мейірімділік, сүйіспеншілік жайында айтылды. Ал осы адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік пен қайырымдылық қайдан басталады?
Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу. Баланың жан – жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын, ата – анасын, жора – жолдасын сыйлай білетін, азамат тәрбиелеумен қатар, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата – әжеміз, аға – әпкеміз, іні – қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!
Соңында студенттер үлкен қызығушылықпен ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер айтып жарысты. Адам бойына мейірім беретіндей бір-біріне жылы сөздер айтып қорытындылады.