2024 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№66 мектеп – лицейі» КММ-де берілген жоспар бойынша «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Н.К.Касетова оқушыларға «Bolashaq» Академиясының Қарағанды өңірінің ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, академия түлектері арасынан шыққан танымал саясаткерлер, академиямыздың ғылым мен инновациялық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстары, білім беру бағдарламалары туралы мәліметтермен таныстырды. Академия өмірі туралы жан-жақты ақпараттар берілді, буклеттер таратылды.
Түлектер үшін берілген ақпараттар өте маңызды болды, олар өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алды.