Түлектермен байланысты қолдау, олардың ЖОО – мен одан әрі өзара іс-қимылы, олардың тағдырына қатысу – “Bolashaq” академиясы жұмысының ажырамас бөлігі.
2021 жылдың 25 ақпанында Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасы ПОҚ онлайн режимінде “Түлектер кездесуін” өткізді.
Кездесуге Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін жүзеге асыратын әр түрлі жастағы түлектер : Адамбекова Г.Г., Кенетаева А. Е., Акишева Б.У., Шишкунова О.А.,
Адушкина Ю.И., Кордабай М., Бондаренко В.В., Кайыржанова Д.И., және т.б.қатысты.
Кездесу барысында түлектер Академиямен педагогикалық кадрларды даярлау сапасы туралы пікір алмасып, оқу барысында алған теориялық білімдерін практикада қалай қолданатыны туралы айтып берді.
2020 жылы оқу бітірген жас мамандар Кайыржанова Дарина және Кордабай Мөлдір Қарағанды қаласының № 61 “Айгөлек”мектепке дейінгі мекемесінде еңбек жолын бастады. Олар тәрбиеші ретіндегі жұмысы туралы айтып, болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті: 2021 жылдың 5 наурызында “Жас тәрбиеші” қалалық байқауы өтеді, онда аталған байқауға қатысады, өз білімдері мен дағдыларын көрсетеді. Біз жас әріптестерімізге табыс тілейміз!
Кездесу бейресми, достық жағдайда өтті. Түлектер өмірдегі әр адамның жүрегінде махаббатпен, жылулықпен еске алатын кезең бар екенін атап өтті. Олар үшін академияда оқыған кездер де осындай – өмірдің қызықты да шуақты жылдары.
Кездесуге қатысушылардың барлығы жыл сайын түлектердің осындай кездесулерін өткізу туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.