21 желтоқсанда “Bolashaq“ Академиясында айтулы кездесу өтті.

“Bolashaq” Академиясының профессоры, ғылым докторы, Қазақстан ПҒА Құрметті академигі, белгілі ғалым Мәуен Хамзин Қазыбек би қорының шешімімен Қаз дауысты Қазыбек би медалімен марапатталды.

Марапатқа Академия ректоры бастаған ұстаздар мен өңіріміздің белді азаматтары және студенттер қатысты.




Аталмыш академияның, т.б. оқу орындарының бірлескен ғалымдары 2010-2013 жылдар аралығында “Сәкен Сейфуллин”, “Қаз дауысты Қазыбек би”, “ Бұқар жырау” тұлғалық энциклопедияларын шығарған болатын.


Энцилопедия жұмыстарына белсене ат салысқан ғалым Хамзин М.Х. осы ұлы – Қаз дауысты Қазыбек биге арналған энциклопедияға жауапты редактор болған еді. Сондай-ақ ол сәл кейінірек жарияланған “Нұра ауданы” және “Әбілқас Сағынов” энциклопедияларының ақылдастар алқасы құрамында болған еді.

Марапат құтты болсын!!!