2022 жылдың 27 қаңтарында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Абай және Ақтоғай аудандарының 11 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Кездесуді Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Шараға Ұлттық тестілеу орталығы филиалының директоры, Қарағанды қаласының барлық жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар қатысты.
Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, оқуға түсу шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Бұл кәсіптік бағдарлау жұмысы оқушыларды өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсіну негізінде саналы, дәлелді мамандық таңдауға итермелейді. Оқушылар ЖОО-ға түсу туралы сұрақтарға толық жауап алды.