КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ

Қарағанды «Болашақ» жоғарғы колледжі – білім алушылардың, оқытушылардың, жұмыс берушілердің мүдделері үшін жұмыс жасайтын заманауи білім беру жүйесі, ашық ақпараттық орта және заманауи инфрақұрылымы бар оқу орны екені белгілі.

2024 жылдың 03 маусымында аталған оқу орнының түлектерімен кәсіптік бағдар  жұмысы бойынша «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р.Х.Абдрахманов кездесу өткізді. «Bolashaq» Академиясы туралы, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасы жайлы сұхбат құрылды, тың ақпараттар берілді. Қазақ тілі әдебиеті кафедрасының жетістіктері, студенттердің өмірі, жеңілдіктер, мүмкіндіктер  жайлы да сөз қозғалды.

Колледж студенттері өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша біршама мәліметтер алды. «Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі» ББ түлектерімен кездесу барысында «Bolashaq» Академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды,  академия туралы мәліметтермен таныстыратын буклет таратылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.