“Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық инновациялар” дөңгелек үстелі

Қарағанды қаласының № 42 «Алтын сақа» балабақшасында «Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық инновациялық» дөңгелек үстелі болып өтті.

2021 жылдың 30 наурызында Қарағанды қаласының № 42 “Алтын сақа” балабақшасында мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының оқытушылары п. ғ. к., доценті Р.Ж. Шалтаева, п.ғ.м., аға оқытушылар Р.М. Жанысбаева, С.А. Бакарамованың қатысуымен «Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық инновациялар» дөңгелек үстелі өтті.

Мектепке дейінгі мекеменің педагогтеры Р.Ж. Бапахова, Н.И. Александровская, Е.А. Хвитько балабақшаның короновирустық карантин жағдайында онлайн және офлайн режимінде дидактикалық материалдарды презентациялау арқылы қалай жұмыс істейтінін көрсетті.

“Онлайн режимінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты ұйымдастырудағы заманауи технологиялар” тақырыбындағы баяндамалар талқыланып тыңдалды.

Дөңгелек үстелдің аяқталу кезеңінде Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді. “Алтын сақа” балабақшасының педагогтеріне “Bolashaq” академиясы білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқыту жүйесінің мүмкіндігін айтып, кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді. Іс шараға қатысушылар “Bolashaq” Академиясында жоғарғы оқу орынан кейінгі магистратурада білім алуға болатыны жайлы айтылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.