Кәсіби бағдар жұмысы

2024 жылдың 12-ші маусымында құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Отыншиева кәсіби бағдар жұмысы аясында Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің «Мектепке дейін тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандықтарының  бітіруші түлектерімен кездесті. Кәсіби бағдар беру жұмысы академияда жоспарлы түрде жүргізіледі. Г.К. Отыншиева түлектерге білім беру бағдарламалары және оларға деген сұраныс деңгейі, оқу мүмкіндіктері, сондай-ақ оқытушылық-профессорлық құрам жайлы мәліметтермен таныстырды және түлектер тарапынан қойылған  сұрақтарға жауап берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.