Кәсіби бағдар беру

Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Кумисжан Слямгазиновна 18.11.2024 ж Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік ісі колледжінде Мейіргерлік ісі және фармация факультетінің 2 курс студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.

 Жалпы студенттер саны – 26. Бағдар беру жұмысында   “Bolashaq” Академиясының білім беру бағдарламасы бойынша мамандықтар туралы кеңейтілген мәлімет берілді, оқуға тапсыру ережесімен таныстырылды. Академия туралы ақпараттық буклеттер таратылды.

Колледжді бітіргеннен кейін оқуға қабылдау ережелері туралы, оқу ақысы және жатақханамен қамтамасыз етілетіндігі жайында сұрақтар қойылды. Колледжден кейін фармация білім беру бағдарламасы бойынша қысқартылған оқыту формасында неше жыл оқытуға болатындығы туралы сұрақ қойылды. Аға оқытушы  Темиреева К.С барлық сұрақтарға жауап берді және “Bolashaq” академиясының байланыс телефондарын студенттер жазып алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.