«Экстремизм мен терроризмге қарсылық – біздің басты міндетіміз!»

“Bolashaq” Академиясында 19 сәуір күні “Саналы ұрпақ” жобалық ұйымының жетекшісі Кр-21-1 тобының студенті Саликова Мадина 1 курс студенттері арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өткізді.

Шараның мақсаты: Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру. Діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету. Әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю. Жастардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.

Жетекші студенттерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттары жайында мәліметтер берді. Оларға террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу амалдары жайлы түсіндіріп, студенттерді елжандылыққа, Отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңызды жолдарына тоқталып өтті.

Іс- шара  кезінде студенттерге экстремизм мен терроризмге байланысты бейнеролик көрсетілді. Кездесуде студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, өзара пікірлерімен алмасты.

Іс шараға Ю-22-2, ПМНО-22-2, К-22-2, Ин-22-2, ПиП-22-2 топтары қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.