2024 жылғы 28 мамырда «Bolashaq» Академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З.Сембиев ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасы негізінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен республикалық семинарға қатысты.
Семинарға Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі Ербол Әлиқұлов; Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын; Астана, Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары әкімдіктеріндегі басқарма басшылары мен бөлім басшылары, өңірдегі қала мен аудандардың әлеуметтік салаға жетекшілік ететін әкім орынбасарлары, бөлім басшылары мен бөлім мамандары, тіл жанашырлары, ғалымдар, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері қатысты.
Профессор Қ.З.Сембиев семинарда елдімекендердің атауларын ретке келтіру және оларды тарихи атаулармен алмастыру, ономастика саласындағы өзгертілген және қате жазылған жер-су атауларын қайта қалпына келтіру туралы айтылған өзекті мәселелердің шешу жолдарына атсалысып, өз пікірін айтты.