Инклюзивті білім беру бойынша семинар

ҚазГЗУ университетінде 2019 жылдың 7-10 қазаны аралығында М. С. Нарикбаева  Нұр-сұлтан қалалық орта мектеп және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған келесі өзекті тақырыптар бойынша семинар өтті:

1.Professional development for inclusive education-2 күн.

2.Content and Language Integrated Learning-2 күн.

 Инклюзивті білім беру тақырыбы Қазақстан үшін аса өзекті, өйткені білім беру жүйесінің мақсаттарының бірі ерекше қажеттіліктері бар оқушылар мен студенттер үшін оқытудың тең мүмкіндіктерін ұсыну болып табылады.

Осы семинарда оқытушылар инклюзивтік білім берудегі негізгі мәселелер мен олардың шешімдерімен, әдістемелерімен және үрдістерімен танысты.

“Bolashaq” академиясынан семинарға мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы К. А. Сарбасова қатысты, ол инклюзивті білім берудегі негізгі проблемалар мен олардың шешімдері, әдістері мен үрдістері, сондай – ақ білім алушыларға тілдік құзыреттілікті пән арқылы дамытуға және мәдениетаралық білімді тіл арқылы кеңейтуге мүмкіндік беретін пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту қолдануларымен танысты.

Семинар ағылшын тілінде Erasmus+ жобасы аясында Лейден университеті Педагогика жоғары мектебі Жоғары білім департаментінің білім беру мәселелері бойынша топ жетекшісі, Нидерланды, d.M. (Daan) Romein МЅс және Лейден, Нидерланды, Henk Frencken университетінде білім беру мәселелері бойынша аға кеңесші болды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.