2019 жылы 18 қазанда РФ Хакасия Республикасының Абакан қаласында “Ресей ұлтының бірлігін қамтамасыз ету және ұлтаралық және этноконфессиялық қатынастарды үйлестіру шарты ретінде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық саясат” атты ІІ Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция “Ресей – экстремизм мен лаңкестіктен азат аумақ” атты бейнероликтерді, әлеуметтік жарнама конкурсының жеңімпаздарының плакаттарын көрсетумен, әлеуметтік жарнама конкурсында жеңімпаздарды марапаттаумен сүйемелденді.
“Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара әрекеттестігінің отандық, шетелдік және халықаралық тәжірибесі” № 4 секцияда “Қазақстандағы діни экстремизмнің алдын алу мәселелері” атты баяндамамен біздің әріптесіміз профессор Кабжанов Ақылбек Тайболатұлы қатысты.