29 қарашада “Фармация” ЖБТ (жобаларды басқару тобы) отырысы өтті. Топ жұмысына фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары Д.К. Пахомова мен С.К. Болдыш қатысты.
Отырыста келесі мәселелер қаралды:


1.2024-2025 оқу жылының түлектерін қорытынды аттестаттау үшін сарапшылар тізімін қалыптастыру;
2. ҚР ДСМ 218 және 305 бұйрықтарына өзгерістер енгізілді.
3 ФӨТ (фармацевтикалық өндіріс технологиясы) кәсіби стандартын талқылау.
Бірінші мәселе бойынша Қазақстанның түрлі медициналық жоғары оқу орындарынан сарапшылардың кандидатуралары ұсынылды. 16 үміткер ұсынылды. Бұл тізімге бірауыздан дауыс берілді.

Екінші мәселе бойынша №218 бұйрықтың 5-тармағына ескерту енгізілді.
Үшінші мәселе бойынша авторлар ұжымы құрған ФӨТ мамандығы бойынша кәсіптік стандарт анық, түсінікті, сауатты жазылған және РОӘК ОӘБ қарауына ұсынылуы мүмкін деп шешілді.