18 қазанда 6В04201 – “Құқықтану” білім беру бағдарламасының студенттері арасында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” тақырыбы бойынша “Әділет”ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Үйірме отырысын заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қабжанов А.Т және аға оқытушы Қуанышева С. Н. өткізді. Үйірме отырысына қатысушылар қоғамдағы академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің рөлін, маңызын талқылады.
Үйірме отырысы жайлы жағдайда өтті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.