“Bolashaq” академиясында жыл сайын жас таланттарды анықтау мақсатында дәстүрлі түрде жүргізілетін “Дебют-2022” байқауы 9 қарашада “Жаңа Қазақстан жастар көзімен” атты тақырыпта өтті. Байқау тартысты әрі жоғарғы деңгейде болды.4 кезең бойынша студенттер сынға түсті:
1 .Ән айту ;
2.Би билеу;
3.Мәнерлеп оқу ;
4.Актерлік шеберлік;

Байқауға төрешілік еткен әділқазылар алқасы:
1. Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры- Исмаилова Райхан Нәлжігітқызы
2. Облыстық Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің әртісі – Сармутдинов Төлеген Ғалымжанұлы
3. Облыстық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы – Абдуалиева Балауса Әділқазықызы
4. «IZZUMI» тобының мүшесі – Зейден Айнұр Қалысқызы


Талантты жастардың өнерін сараптау оңайлыққа түспеді.
Байқау кезеңдері бойынша «Жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпарлар»
суырылып шықты.



Байқау өз дәрежесіне жетіп, қатысушыларды іріктеу барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:
І-орын Ин-22-2 Хағазбай Ұлжан (Ән)
ІІ-орын Ю-21-1 тобының студенті Оразкенов Амирхан жәнеде Ин-22-1 Данил Сорокин (актерлік шеберлік)
ІІІ-орын К-20-1 Жұрағат Аймарал (мәнерлеп оқу)
ІІІ-орын К-20-1 Халамбақи Батима (мәнерлеп оқу)
“Көрермен көзайымы” жүлдесімен К-21-1, КР-21-1тобы марапатталды (актерлік шеберлік).

“Ғаламат қойылым” жүлдесімен марапатталғандар:
ПиП-22-1 Керимова Лиза
Асаинова Мерей
Байстанова Ажар (актерлік шеберлік).

Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаздарды тағы да шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады.Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші!